Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    5 «А» - сынып оқушыларымен «Тәртіп – тәрбиенің бастауы» тақырыбында сынып сағаты өтті.

    5 «А» - сынып оқушыларымен  «Тәртіп – тәрбиенің бастауы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты – оқушыларға тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, жауапкершілік пен өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту. Сынып сағаты барысында балалар тәртіптің не екенін, оның өмірдегі рөлі мен маңызын талқылады. Түрлі ойындар мен мысалдар арқылы олар өз мінез-құлқын саралап, дұрыс шешім қабылдауды және өз  іс-әрекеттерінің салдарын түсінуді үйренді.Сынып сағаты қызықты әрі пайдалы өтті. Оқушылар тәртіптің – жай ғана ережелер жиынтығы емес, табысты, ұйымдасқан және құрметке лайықты тұлға болудың маңызды қадамы екенін түсінді.
    https://www.facebook.com/share/v/1C98gWWgyo/

    «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» негізінде «Ұл балалардың бойында ержігіттік мінез қалыптастыру» мақсатында, Қазақстан Республикасының қорғаныс министірлігінің Шохан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының түлегі сержан Ерболатұлы Рахат мырза түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» негізінде «Ұл балалардың бойында ержігіттік мінез қалыптастыру» мақсатында, Қазақстан Республикасының қорғаныс министірлігінің Шохан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының түлегі сержан Ерболатұлы Рахат мырза түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Мақсаты: ҚР президентінің «Мәңгілік ел» идеясын насихаттай отырып, ұлттық рух, ұлттық тәрбие ұғымдарын ашу; Қазақ халқының ер бала тәрбиесіне деген көзқарасын талқылау; Мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаларды дәріптеу; Қазіргі таңдағы ер балалардың бейнесін талдау.
    https://www.facebook.com/share/p/15hWbhkTaY/

    5 «А» сынып оқушыларымен "Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" тақырыбында сынып сағаты

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 13.01.2025 күні 5 «А» сынып оқушыларымен "Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
    Мақсаты: Оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен адамдарға тигізетін зардаптары туралы түсінік беру .
    Іс-шара оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы түсініктерін, оның салдары мен әр адамның өміріндегі адалдық пен әділдіктің маңызын қалыптастыруға бағытталды.
    Сабақ барысында балалар сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның қандай түрлері бар екенін және бұл құбылыспен күресудің неге маңызды екенін білді. Оқушылар талқылауларға белсенді қатысып, адал болудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісіп, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдарын бірлесіп іздеді.
    Сынып сағаты адалдық пен әділдік – бұл әр адам кішкентай кезінен бастап дамытуы қажет негізгі құндылықтар деген қорытындымен аяқталды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1656718251719930/?rdid=3yZL2eTuwzCaGFJT&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F1G9XnobEJY%2F#

    "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз " тақырыбында сынып сағаты

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің 5"ә" және 6 "ә" сынып оқушыларымен сынып жетекшілер А.Дуйсекеева мен А.Джуманбаева "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз " тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты:
    “Сыбайлас жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
    Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
    Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
    Сынып сағаты оқушылардың Қазастан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқауымен басталды. Ары қарай оқушыларға тақырыпқа қатысты бейнеролик және презентация көрсетілді. Балалар викториналық сұрақтарға жауап берді және сыбайлас жемқорлық тақырыбына сурет салды.

    Классный час на тему "Я люблю честность"

    13 января 2025 года в средней школе имени Аль-Фараби в 3-Б классе состоялся классный час на тему "Я люблю честность", который провела Агаева Д.И.
    Занятие началось с дружеского круга, где ребята говорили друг другу комплименты, создавая теплую и позитивную атмосферу. После этого ученики подбирали антонимы к словам "ложь" и "нечестность", что помогло им глубже понять значение честности.
    Во время групповой работы дети обсуждали важные темы, связанные с честностью, и делились своим мнением, приводя примеры из жизни.
    Этот классный час не только расширил знания учащихся, но и стал важным шагом в воспитании добропорядочности и искренности!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1656715778386844/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v

    "Мен адалдықты жақсы көремін" тақырыбында сынып сағаты

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4 "ә" сынып оқушыларымен "Мен адалдықты жақсы көремін" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
    Мақсаты: оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік бере отырып,
    оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, адал, қайырымды болуға, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
    Сынып сағатында балалар "Адалдықтың өтемі" бейнебаянын тамашалап,талқылады. Адам бойындағы қасиеттерді атап, жақсы қасиеттер мен жаман әдеттер туралы кластер құрастырды. Адал адам дегенімізді қалай түсінесіңдер?,Сенің бойыңда сондай қасиет бар ма?,т.б. сұрақтарға әңгіме өрбітілді. Оқулықтан адалдық туралы әңгіме оқып,мазмұнын айтты. Адалдық,тәртіп, заң туралы ойларын ортаға салды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1656446798413742/?rdid=10rIcyiFMrca1bQy&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15rYdPUEHV%2F#

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру