Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мұғалімі Әбдіжамал Макпал тоғызқұмалақтан Жамбыл облысына еңбегі сіңген жаттықтырушы Елтай Жұманұлы Сыздықовтың зейнеткерлікке шығуына орай ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей ашық турнирге қатысып, ІІІ-орын иеленді!

    🏆 Қуанышты жаңалық!
    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мұғалімі Әбдіжамал Макпал тоғызқұмалақтан Жамбыл облысына еңбегі сіңген жаттықтырушы Елтай Жұманұлы Сыздықовтың зейнеткерлікке шығуына орай ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей ашық турнирге қатысып, ІІІ-орын иеленді!
    Бұл турнир Елтай Жұманұлының спорттағы қажырлы еңбегіне құрмет көрсету мақсатында өтті. Әбдіжамал Макпалдың үздік өнер көрсетуі – ауданымыздың тоғызқұмалақ спортының дамып, жаңа белестерді бағындыруының айқын дәлелі.
    🎉 Құттықтаймыз! Әбдіжамал Макпалға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! Еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңізге күш-қуат, отбасылық бақыт пен денсаулық тілейміз! Спорттағы және өмірдегі жаңа жетістіктеріңіз мол болсын!
    https://www.facebook.com/share/p/18nYHwf1Az/

    Шу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы аясында Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары белсенділік танытты.

    "Кітап – өркениеттің елшісі" атты буккроссинг жобасы
    Шу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы аясында Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары белсенділік танытты.
    5 "Ә" сынып оқушысы Әуесбек Аңсар мен 8 "Ә" сынып оқушысы Рыстай Елнұр аталған іс-шараға қатысып, дипломмен марапатталды.
    Оқушыларымыздың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына жол ашқан мектеп кітапханасының меңгерушісі Акимова Науат Шәймерденқызы аталмыш жобаға белсене атсалысып, шәкірттерді дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
    Оқушыларымыз бен жетекшімізді шын жүректен құттықтаймыз!
    Кітап – білім мен мәдениеттің қайнар көзі. Осындай жобалар жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани байлығын толықтырады.
    https://www.facebook.com/share/p/1A1TjuZDMN/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық ұйымы облыстық деңгейде өткен «Алау» әскери-патриоттық ойындарында ерекше белсенділік танытып, I орынды жеңіп алды!

    🎖️ ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС САРБАЗДАР! 🇰🇿
    Жамбыл облысы, Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық ұйымы облыстық деңгейде өткен «Алау» әскери-патриоттық ойындарында ерекше белсенділік танытып, I орынды жеңіп алды! 🏆 Бұл жеңіс – жас буынның елге, Отанға деген сүйіспеншілігінің, батылдығы мен ұйымшылдығының нақты дәлелі.
    Оқушыларымыз саптық дайындық, әскери эстафета, алғашқы көмек көрсету, әскери-тарихи білім, қаруды шашып-жинау сынды бірнеше кезеңнен сүрінбей өтіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл жеңістің артында тынымсыз дайындық пен үйлесімді еңбектің тұрғаны сөзсіз.
    Команданың табысты өнер көрсетуіне үлкен үлес қосқан жетекшісі – Ақжігітов Береке Сағатович. Ол жылдар бойы мектеп қабырғасында әскери-патриоттық тәрбиеге айрықша көңіл бөліп, шәкірттерін тек жарысқа емес, болашақ өмірге де дайындап келеді. Ұстаздың қажырлы еңбегі мен шәкірттердің қайтпас жігері осындай биік нәтижеге жеткізді.
    Мектебіміздің жас сарбаздары – ел ертеңінің қорғаны, нағыз патриот жастар! Бұл жетістік – бүкіл ұжымның, ата-аналардың және әрбір шәкірттің ортақ қуанышы. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
    https://www.facebook.com/share/p/19CPL5uWM8/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары "Жол қозғалыс инспекторы" атты аудандық байқауға қатысып, III-орын иеленді!

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары "Жол қозғалыс инспекторы" атты аудандық байқауға қатысып, III-орын иеленді!
    Бұл байқау – жол қозғалысы ережелерін насихаттау, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және тәртіпке баулу мақсатында ұйымдастырылған маңызды шаралардың бірі.
    Мектебіміздің жас жол инспекторлары өз білімдерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.
    Оқушыларымыздың бұл жетістігі – ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің, сондай-ақ балалардың тынымсыз дайындығының жемісі.
    Барша команда мүшелерін және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз жалғаса берсін, биіктерден көріне беріңіздер!
    https://www.facebook.com/share/p/1C36fCswyK/

    ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ 33 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған аймақтық “Сапта жүріп ән айту” байқауы өтті.

    ЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ 33 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған аймақтық “Сапта жүріп ән айту” байқауы өтті.
    Байқауға 8 мектеп қатысты:
    1. Абай атындағы орта мектебі
    2. Әл-Фараби атындағы орта мектебі
    3. Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп- гимназиясы
    4. Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі
    5. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі
    6. М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі
    7. Мойынқұм орта мектебі.
    8. Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі
    Байқаудын қортындысы бойынша:

    4 сәуір күні Шу ауданы білім бөлімі"Дармарка - заттарға екінші өмір сыйла"атты аудандық акция ұйымдастырды.

    4 сәуір күні Шу ауданы білім бөлімі"Дармарка - заттарға екінші өмір сыйла"атты аудандық акция ұйымдастырды.Осы акцияға Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 8-А сынып оқушысы Давыдова Фарида, 3-Б сынып оқушысы Давыдова Ливана қатысып,Алғыс хатпен марапатталды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1713204872737934/?rdid=zZRdI9H3z5a7Urxm&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1ABrBeTrmJ%2F#

    8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай "Ана - өмірдегі ұлы есім!" атты ертеңгілік өткізілді.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл -Фараби атындағы орта мектебінің 2 "ә" және 3"ә"сынып жетекшілері Асанова Б С. мен Акжаргакова Ж.Н. 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай "Ана - өмірдегі ұлы есім!" атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты:оқушыларды аналарды құрметтеуге,ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу;оқушылардың тіл байлығын ,ойлау қабілеттерін дамыту.Эстетика - этикалық әдептерді жетілдіру. 8- наурыз- халықаралық әйелдер күні.Тіршілікке нәр берген- ана сүті қандай құдіретті!Ана махаббаты адамға қанат бітіреді,күш береді, рухтандырады. Осы әдемі көктемнің шуақты күніне оқушылар өздерінің өнерлерін тарту етті Ән айтып ,би биледі.Оқушылар еңбек сабағында өз қолымен жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлады Аналар- балаларының ыстық ықыласына бөленді.
    Ана - өмір қолдаушысы әлемнің,
    Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
    Сейілмесін жанарынан ананың,
    Тіршілікке төккен нұрлы шуағы!
    Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дамиды. Аналарымыз аман болсын!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1692075958184159/?rdid=1rCVcF9onDUDmGnp&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15ofnCUCcW%2F#

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен аудандық " Eco-Volonter" атты экологиялық байқау өтті.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен аудандық " Eco-Volonter" атты экологиялық байқау өтті.
    Бұл байқау оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған.
    Біздің мектебімізден "Жас Өркен" тобы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Ана-күн шуағы" атты сурет байқауын өткізді.

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің педагог- ұйымдастырушысы Бакбергенова Г.Б.
    Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Ана-күн шуағы" атты сурет байқауын өткізді.
    Мақсаты: балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.Жақсы, әдемі шыққан жұмыстары іріктеліп алынып, марапатталды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1692059978185757/?rdid=pUKOOVX56t7uNyzI&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F18Ku586xYM%2F#

    4- ақпан күні оқушысы Мухаметов Али анасымен аудандық «Шебер әке, өнерлі ана, еғбекқор бала» бауқауынан жүлделі ІІ орынды иеленіп, облыс көлеміне өтті

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 0 "А" сынып жетекгісі Мырзаханова Ж.С. 4- ақпан күні оқушысы Мухаметов Али анасымен аудандық «Шебер әке, өнерлі ана, еғбекқор бала» бауқауынан жүлделі ІІ орынды иеленіп, облыс көлеміне өтті.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1692030618188693/?rdid=uw1l7ubChgLzafRq&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1BQXbPDjRV%2F#

    Шу ауданы білім бөлімінің аудандық "Заң және тәртіп " айлығы аясында өткізілген "Заңға құрмет- тәртіп кепілі" тақырыбындағы үздік эссе жазу байқауында 8-сынып оқушысы Шора Ақбота ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің аудандық "Заң және тәртіп " айлығы аясында өткізілген "Заңға құрмет- тәртіп кепілі" тақырыбындағы үздік эссе жазу байқауында 8-сынып оқушысы Шора Ақбота ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    12 ақпан 2025 жылы Әл-Фараби атындағы мектептің оқушылары "I Like English" атты ағылшын тілі бойынша музыкалық-шығармашылық байқауына қатысты. Байқау Оқушылар сарайында өтті және оқушыларымыз өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.

    "I Like English" байқауындағы жетістіктеріміз
    12 ақпан 2025 жылы Әл-Фараби атындағы мектептің оқушылары "I Like English" атты ағылшын тілі бойынша музыкалық-шығармашылық байқауына қатысты. Байқау Оқушылар сарайында өтті және оқушыларымыз өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
    ✨ Русланқызы Аида (11-сынып) – 3 орын (Мәнерлеп оқу). Ол көрермендерді ерекше әсерге бөлеп, ағылшын тіліндегі шығарманы шеберлікпен орындады.
    ✨ Жоғарғы буын оқушылары – 1 орын (Сахналық көрініс). Олар дайындаған көрініс байқауда жоғары бағаланып, сахнада өздерінің актерлік қабілеттерін тамаша көрсетті.
    Бұл жеңістер – оқушыларымыздың табанды еңбегі мен ұстаздарының қолдауының нәтижесі. Оларға шығармашылық табыс, биік жетістіктер тілейміз!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1677208416337580/?rdid=rkqHNYACmanDchWk&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1YWFKfsmGF%2F#

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті. Бұл олимпиада – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын өткізілетін байқау. Олимпиадаға мектебімізден оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті. Бұл олимпиада – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын өткізілетін байқау. Олимпиадаға мектебімізден оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
    1.«Жас қаламгер» – жазбаша шығармашылық жұмыс бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Шынболат Зере І орынға ие болды.
    2.«Сөз шеберлері» – көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Каримова Айша "Бас жүлдеге " ие болып, облысқа жолдама алды.
    Бұл олимпиада оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары республикалық " Бауыржан оқулары" байқауының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары республикалық " Бауыржан оқулары" байқауының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
    "Алаштың айбыны-Бауыржан Момышұлы" ғылыми зерттеу жоба қорғау бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Төрехан Айжан "Бас жүлдеге" ие болса, "Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен!" ТЕDx форматында идея қорғау бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Казакеева Анель ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекші мұғалім- Тастанбекова Бекгуль Тургунбайкызы.
    Білім бәйгесіне қатысып марапатталған оқушыларымызды құттықтаймыз!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1671874900204265/?rdid=DSXg65vNepTt7JTt&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15dfwwAweK%2F#

    "Қазақ поэзиясының хан тәңірі" Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай өткізілген "Мен өмірдi жырлау үшін келгенмін" атты аудандық байқауда Мелис Томирис I-орынды және Әдiл Няйла 3-орынды иеленді

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары "Қазақ поэзиясының хан тәңірі" Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай өткізілген "Мен өмірдi жырлау үшін келгенмін" атты аудандық байқауда Мелис Томирис I-орынды және Әдiл Няйла 3-орынды иеленді. Қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1671763810215374/?rdid=RqWe1IrrZ8i4FhWn&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15gLarMegp%2F#

    6"Ә"сынып оқушысы Жамбыл Ақнұр ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген "Жырлайды жүрек "атты аудандық шығармашылық байқауына қатысып , "Көркем сөз" номинациясы бойынша жүлделі II дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінің 6"Ә"сынып оқушысы Жамбыл Ақнұр ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген "Жырлайды жүрек "атты аудандық шығармашылық байқауына қатысып , "Көркем сөз" номинациясы бойынша жүлделі II дәрежелі дипломмен марапатталды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1668162180575537/?rdid=FQOanGGkm7WKRznz&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F162raPfSv8%2F#

    9-сынып оқушысы Мелис Томирис "Balbulag" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған VI Республикалық "МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ" өнер байқауында "вокал" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінiң 9-сынып оқушысы Мелис Томирис "Balbulag" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырған VI Республикалық "МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ" өнер байқауында "вокал" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Жетекшісі: Адилбекова Арайлым Данильевна мен оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1666964077362014/?rdid=f564LYDJtOpSej4z&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1BXWixCS4X%2F#

    “I like English” аймақтық музыкалық-шығармашылық байқауы

    Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырылуымен өткен “I like English” аймақтық музыкалық-шығармашылық байқауында Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді! 🎉
    🌟 Жүлдегерлеріміз:
    🔹 Өлең оқу:
    Русланқызы Аида – 🥇 1 орын
    🔹 Көрініс:
    Жоғарғы сынып оқушылары – 🥇 1 орын
    🔹 Ән айту:
    Меліс Томирис – 🥉 3 орын
    Бастауыш сынып оқушылары:
    Қалығұл Інжу – 🥈 2 орын
    Боранбай Адия – 🥉 3 орын
    🏅 Аудандық кезеңге жолдама алғандар:
    11 "Ә" сынып оқушысы Русланқызы Аида (Өлең оқу – 1 орын)
    Жоғарғы сынып оқушылары (Көрініс – 1 орын)
    Бұл жетістіктер – оқушыларымыздың таланты мен еңбегінің жемісі! 💪✨

    АӘТД пән мұғалімі Н.Меркібаевтын ұйымдастыруымен “Жас сарбаз” әскери патриоттық ойындары өткізілді

    Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ және Жамбыл орта мектебінің АӘТД пән мұғалімі Н.Меркібаевтын ұйымдастыруымен “Жас сарбаз” әскери патриоттық ойындары өткізілді. Аталған іс-шараға 12 мектеп қатысты. Байқау үш номинация бойынша өткізілді -
    АК-74 макетін бөлшектеу және жинау,
    пневматикалық мылтықтан оқ ату,
    ОЗК (әскери қорғаныс киімі) киюден.
    Жарыс қорытындысы бойынша
    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 11Ә сынып оқушысы Дәулетәлі Марлен АК-74 макетін бөлшектеу және жинау байқауында жүлделі ІІІ орын иеленді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1616406725751083/?rdid=btcrnDKSWwN46ZYf&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F19kKiGbhWG%2F#

    Б.Соқпақбаевтың шағын әңгімелерінен үзінді оқудан байқау

    Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жылдығына орай Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Өнер мектебінің ұйымдастыруымен Б.Соқпақбаевтың шағын әңгімелерінен үзінді
    оқудан байқау өтті.
    Байқауға жас ерекшелігіне қарай мектебімізден 4 оқушы қатысты. 9-10 жас аралығында Боранбай Адия 1-орын, Қалығұл Інжу 3-орын, Әнепия Айым Алғыс хатпен,11-12 жас аралығында Меліс Аяулым 1-орын алып, дипломдармен марапатталды.

    "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты жас суретшілер байқауы

    12 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты жас суретшілер байқауында І орын иеленген 7 ә сынып оқушысы Әділ Найля, І орын иеленген 4 а сынып оқушысы Бадырова Азалия, ІІІ орын иеленген 6 ә сынып оқушысы Меліс Аяулым және 4 ә сынып оқушылары Бірлік Толғанай, Қалығұл Інжу, 4 а сынып оқушысы Наджибов Мухамед Алғыс хатпен марапатиалды. Жеңістеріңіз құтты болсын
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1635046397220449/?rdid=7XMqcgZ4YGU2q5QD&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F18fRss72eZ%2F#

    Республикалық жас өнерпаздар арасындағы өнер байқауына қатысып "Вокал" жанры бойынша ІІ орынға 6 ә сынып оқушысы Боранбай Адия және І орынға Меліс Томирис ие болды

    Шу ауданы білім бөлімі Әл- Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары Республикалық жас өнерпаздар арасындағы өнер байқауына қатысып "Вокал" жанры бойынша ІІ орынға 6 ә сынып оқушысы Боранбай Адия және І орынға Меліс Томирис ие болды Жетекшісі Адилбекова Арайлым Даниловна. Әріптесіміз Арайлым Даниловна мен оқушыларымыз Меліс Томирис пен Боранбай Әдияны шын жүректен құттықтаймыз.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1635735320484890/?rdid=ECGp61rUXs20vFPN&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F18VjFPLqw5%2F#

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру