Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мұғалімі Әбдіжамал Макпал тоғызқұмалақтан Жамбыл облысына еңбегі сіңген жаттықтырушы Елтай Жұманұлы Сыздықовтың зейнеткерлікке шығуына орай ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей ашық турнирге қатысып, ІІІ-орын иеленді!
Бұл турнир Елтай Жұманұлының спорттағы қажырлы еңбегіне құрмет көрсету мақсатында өтті. Әбдіжамал Макпалдың үздік өнер көрсетуі – ауданымыздың тоғызқұмалақ спортының дамып, жаңа белестерді бағындыруының айқын дәлелі.
Құттықтаймыз! Әбдіжамал Макпалға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! Еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңізге күш-қуат, отбасылық бақыт пен денсаулық тілейміз! Спорттағы және өмірдегі жаңа жетістіктеріңіз мол болсын! https://www.facebook.com/share/p/18nYHwf1Az/
"Кітап – өркениеттің елшісі" атты буккроссинг жобасы
Шу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы аясында Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары белсенділік танытты.
5 "Ә" сынып оқушысы Әуесбек Аңсар мен 8 "Ә" сынып оқушысы Рыстай Елнұр аталған іс-шараға қатысып, дипломмен марапатталды.
Оқушыларымыздың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына жол ашқан мектеп кітапханасының меңгерушісі Акимова Науат Шәймерденқызы аталмыш жобаға белсене атсалысып, шәкірттерді дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Оқушыларымыз бен жетекшімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Кітап – білім мен мәдениеттің қайнар көзі. Осындай жобалар жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани байлығын толықтырады. https://www.facebook.com/share/p/1A1TjuZDMN/
Жамбыл облысы, Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық ұйымы облыстық деңгейде өткен «Алау» әскери-патриоттық ойындарында ерекше белсенділік танытып, I орынды жеңіп алды! Бұл жеңіс – жас буынның елге, Отанға деген сүйіспеншілігінің, батылдығы мен ұйымшылдығының нақты дәлелі.
Оқушыларымыз саптық дайындық, әскери эстафета, алғашқы көмек көрсету, әскери-тарихи білім, қаруды шашып-жинау сынды бірнеше кезеңнен сүрінбей өтіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл жеңістің артында тынымсыз дайындық пен үйлесімді еңбектің тұрғаны сөзсіз.
Команданың табысты өнер көрсетуіне үлкен үлес қосқан жетекшісі – Ақжігітов Береке Сағатович. Ол жылдар бойы мектеп қабырғасында әскери-патриоттық тәрбиеге айрықша көңіл бөліп, шәкірттерін тек жарысқа емес, болашақ өмірге де дайындап келеді. Ұстаздың қажырлы еңбегі мен шәкірттердің қайтпас жігері осындай биік нәтижеге жеткізді.
Мектебіміздің жас сарбаздары – ел ертеңінің қорғаны, нағыз патриот жастар! Бұл жетістік – бүкіл ұжымның, ата-аналардың және әрбір шәкірттің ортақ қуанышы. Жеңісті күндеріміз көп болсын! https://www.facebook.com/share/p/19CPL5uWM8/
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары "Жол қозғалыс инспекторы" атты аудандық байқауға қатысып, III-орын иеленді!
Бұл байқау – жол қозғалысы ережелерін насихаттау, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және тәртіпке баулу мақсатында ұйымдастырылған маңызды шаралардың бірі.
Мектебіміздің жас жол инспекторлары өз білімдерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.
Оқушыларымыздың бұл жетістігі – ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің, сондай-ақ балалардың тынымсыз дайындығының жемісі.
Шу ауданы білім бөлімінің Әл -Фараби атындағы орта мектебінің 2 "ә" және 3"ә"сынып жетекшілері Асанова Б С. мен Акжаргакова Ж.Н. 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай "Ана - өмірдегі ұлы есім!" атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты:оқушыларды аналарды құрметтеуге,ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу;оқушылардың тіл байлығын ,ойлау қабілеттерін дамыту.Эстетика - этикалық әдептерді жетілдіру. 8- наурыз- халықаралық әйелдер күні.Тіршілікке нәр берген- ана сүті қандай құдіретті!Ана махаббаты адамға қанат бітіреді,күш береді, рухтандырады. Осы әдемі көктемнің шуақты күніне оқушылар өздерінің өнерлерін тарту етті Ән айтып ,би биледі.Оқушылар еңбек сабағында өз қолымен жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлады Аналар- балаларының ыстық ықыласына бөленді.
Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің аудандық "Заң және тәртіп " айлығы аясында өткізілген "Заңға құрмет- тәртіп кепілі" тақырыбындағы үздік эссе жазу байқауында 8-сынып оқушысы Шора Ақбота ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
12 ақпан 2025 жылы Әл-Фараби атындағы мектептің оқушылары "I Like English" атты ағылшын тілі бойынша музыкалық-шығармашылық байқауына қатысты. Байқау Оқушылар сарайында өтті және оқушыларымыз өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Русланқызы Аида (11-сынып) – 3 орын (Мәнерлеп оқу). Ол көрермендерді ерекше әсерге бөлеп, ағылшын тіліндегі шығарманы шеберлікпен орындады.
Жоғарғы буын оқушылары – 1 орын (Сахналық көрініс). Олар дайындаған көрініс байқауда жоғары бағаланып, сахнада өздерінің актерлік қабілеттерін тамаша көрсетті.
Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті. Бұл олимпиада – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын өткізілетін байқау. Олимпиадаға мектебімізден оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1.«Жас қаламгер» – жазбаша шығармашылық жұмыс бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Шынболат Зере І орынға ие болды.
2.«Сөз шеберлері» – көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Каримова Айша "Бас жүлдеге " ие болып, облысқа жолдама алды.
Бұл олимпиада оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары республикалық " Бауыржан оқулары" байқауының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
"Алаштың айбыны-Бауыржан Момышұлы" ғылыми зерттеу жоба қорғау бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Төрехан Айжан "Бас жүлдеге" ие болса, "Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен!" ТЕDx форматында идея қорғау бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Казакеева Анель ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекші мұғалім- Тастанбекова Бекгуль Тургунбайкызы.
Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырылуымен өткен “I like English” аймақтық музыкалық-шығармашылық байқауында Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді!
Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ және Жамбыл орта мектебінің АӘТД пән мұғалімі Н.Меркібаевтын ұйымдастыруымен “Жас сарбаз” әскери патриоттық ойындары өткізілді. Аталған іс-шараға 12 мектеп қатысты. Байқау үш номинация бойынша өткізілді -
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жылдығына орай Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Өнер мектебінің ұйымдастыруымен Б.Соқпақбаевтың шағын әңгімелерінен үзінді
оқудан байқау өтті.
Байқауға жас ерекшелігіне қарай мектебімізден 4 оқушы қатысты. 9-10 жас аралығында Боранбай Адия 1-орын, Қалығұл Інжу 3-орын, Әнепия Айым Алғыс хатпен,11-12 жас аралығында Меліс Аяулым 1-орын алып, дипломдармен марапатталды.