Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «Средняя школа имени Аль-Фараби» Шуского районного отдела образования Жамбылского областного управления образования
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    04.06.25 года, в День символики Казахстана , отряд "Солнышко" средней школы имени Аль-Фараби, Шуского района вместе с воспитателем Чахаловой Г.М посетили музей района.

    04.06.25 года, в День символики Казахстана , отряд "Солнышко" средней школы имени Аль-Фараби, Шуского района вместе с воспитателем Чахаловой Г.М посетили музей района.
    Эта была отличная возможность, узнать больше об истории и культуре своей страны, почтить государственные символы, которые объединяют казахстанцев.
    Воспитатель обратила внимание детей при входе в музей , что каждый из нас видит в первую очередь наш флаг, Республики Казахстан.Каждый наш символ показывает традиции казахского народа, рассказывает об истории предков.
    Дети узнали ,какие исторические события пережила наша страна.Им было очень интересно слушать и по их глазам можно было видеть их переживание за свою Родину.
    Дети задавали очень много вопросов и услышав ответ, получали особое удовольствие и счастья.
    https://www.facebook.com/share/p/19uvQCpakA/

    Әл- Фараби атындағы орта мектебінде 4 маусым-бұл рәміздерімізге деген құрмет пен мақтаныш күні !

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл- Фараби атындағы орта мектебінде 4 маусым-бұл рәміздерімізге деген құрмет пен мақтаныш күні !Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі. Олар халқымыздың бірлігін, елдігімізді, өткеніміз бен болашағымызды айшықтайды. Әр азамат үшін Ту, Елтаңба және Әнұран – ерекше қастерлі ұғымдар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай “Қыран “тобы Мемлекеттік “рәміздер тарихы”атты патриоттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіру және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ барысында Ту, Елтаңба және Әнұран туралы толық мәлімет берілді. Оқушылар рәміздердің шығу тарихымен танысып, олардың авторлары жайлы білді. Әнұран орындалып, балалар бірге қосылып айтты. Соңында оқушылар еліміздің рәміздерін құрметтеп, әрдайым мақтан тұтатынын жеткізді.
    https://www.facebook.com/share/p/1LoXA16arV/

    В средней школе имени Аль-Фараби, Шуского района 02.06.25г , было открытие летнего пришкольного лагеря :"Куншуак "

    В средней школе имени Аль-Фараби, Шуского района 02.06.25г , было открытие летнего пришкольного лагеря :"Куншуак "
    Целью было создание благоприятных условий в каникулярное время, формирование нравственности и эстетических чувств у учащихся.
    На открытии лагеря с поздравлением выступила заместитель директора по воспитательной работе Тулегенова Ш.А
    Учащийся пришли на открытие лагеря с хорошим настроением. Они рассказали стихотворение о лете, разгадывали загадки пели песни, танцевали.
    Было весело и интересно.
    Также с удовольствием принимали участие в играх. Дети были довольны, что пришли отдыхать в лагерь "Куншуак."
    Досуг первого дня прошел на высшем уровне.
    https://www.facebook.com/share/p/1G3d26ietw/

    Әл -Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларына "Бала -өмір гүлі "атты мектеп жанындағы "Балдаурен" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл -Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларына "Бала -өмір гүлі "атты мектеп жанындағы "Балдаурен" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті . Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, ойындар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.Олардың бір - біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау.Жазғы сауықтыру ашылу салтанатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.А.Тулегенова сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Одан ары қарай әр топ өзінің топ аттарын,ұранын айтып, рапорт қабылданды.Мереке одан ары әсем ән мен көңілді биге ұласты."Күншуақ" лагері жазғы демалысты қызықты да көңілді өтуіне, өз есігін айқара ашты.Бүлдіршіндерге сәттілік!
    https://www.facebook.com/share/p/163BKau7uv/

    Әл-Фараби атындағы орта мектепте 5 «А»- сынып оқушыларына “ 25 жастағы болашақ мамандығым” тақырыбында жасанды интеллектіні пайдаланып, өздері таңдаған маман иелерінің 25-жастағы фотолары көрсетілді.

    Жамбыл облысы, Шу ауданы, Әл-Фараби атындағы орта мектепте 5 «А»- сынып оқушыларына “ 25 жастағы болашақ мамандығым” тақырыбында жасанды интеллектіні пайдаланып, өздері таңдаған маман иелерінің 25-жастағы фотолары көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға мамандық әлемі және оның ерекшеліктері мен дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту,алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасауына себепкер болу. Таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
    https://www.facebook.com/share/v/15PBpp4fCV/

    2025 жылғы 24 мамырда Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті.

    "Мектебім, саған мың алғыс!"
    2025 жылғы 24 мамырда Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара "Мектебім, саған мың алғыс" тақырыбында өткізілді.
    Салтанатты жиынға мектептің 1985 жылғы түлектері мен ардагер ұстаздарымыз — Алиев М.И., Наджибова Щ.М., Жаникулова З.М., Аскерова Н.Ф. арнайы қатысып, өздерінің жылы лебіздерімен бөлісті.
    2024–2025 оқу жылында мектебімізді 33 түлек аяқтады. Салтанатты жиынды мектеп директоры Алиасқаров Жанат Узакпаевич құттықтау сөзімен ашып, оқу жылы ішінде қол жеткізілген жетістіктерге тоқталып өтті.
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясындағы үздіктер марапатталып, бас жүлде — 2 велосипед 4 "Ә" сынып оқушысы Қалығұл Інжу мен 3 "А" сынып оқушысы Аскерова Мединаға табысталды.
    Дәстүр бойынша, 11-сынып оқушылары Валиев Давид, Әнепия Жания мен Русланқызы Аида 10-сынып үздіктері Махамматова Маляк, Бадырова Динара, Наджибов Мавлюдке Білім кілті мен Білім кітабын табыстады.
    Түлектер атынан 11-сынып оқушысы Пашалиев Билал жүрекжарды тілегін білдіріп, ұстаздар мен ата-аналарға алғысын жеткізді.
    2024–2025 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында қоңырауды 1 "Ә" сынып оқушылары Алимбеков Санжар, Смағұл Айсұлтан, 1 "А" сынып оқушылары Наджибова Элиф, Мухаметова Ясмин және 11-сынып оқушылары Рысбек Даулет, Наджибов Рыза, Набиева Жамиля, Тойғұл Хадиджа соқты.
    Барша түлектерімізге сәттілік тілейміз!
    https://www.facebook.com/share/p/15nmThrMkF/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 23-мамыр күні 7"Ә"-сыныбында "Білімім - Отаныма!" атты тәрбие сағаты өтті.

    Жамбыл облысы Шу ауданы Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 23-мамыр күні 7"Ә"-сыныбында "Білімім - Отаныма!" атты тәрбие сағаты өтті.
    Мақсаты: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту, адал азамат болуға тәрибелеу.
    Тәрбие сағатында оқушылар екі топқа бөлініп, Отан, білім туралы өз ойларын ортаға салып, мақал –мәтелдер айтты. «Сиқырлы қорапша» ойыны арқылы Отан туралы сұрақтарға жауап берді.
    Оқушыларға жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жайлы да түсіндірме жұмысы жүргізілді.
    https://www.facebook.com/share/p/1AKiW9ewAg/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4"ә" сынып жетекшісі Джобалаева Т.А. 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты "Білімім – Отаныма!" тақырыбында сынып сағатын өткізді.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4"ә" сынып жетекшісі Джобалаева Т.А. 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты "Білімім – Отаныма!" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
    Мақсаты: оқушыларды адалдық пен парасаттылыққа тәрбиелей отырып, білімдерін ел игілігіне жұмсауға ынталандыру,Отанға адал қызмет ететін саналы, білімді жас ұрпақты қалыптастыру
    Сынып сағаты "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары аясында өткізіліп, оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға негізделді.
    Іс-шара барысында оқушылар Отан алдындағы борышын терең түсініп, парасатты, білімді, елжанды және адал азамат болуға ұмтылыстарын көрсетіп,тақпақтар мен мақал- мәтелдер айтты.Балалар "Таза Қазақстан" тақырыбында эссе жазып, оқып берді.
    -Сендер үшін адал азамат деген кім?
    -Білім мен адалдықты қалай байланыстырар едіңдер?
    -Болашақта өз -Отаныңа қалай қызмет еткің келеді?- деген сұрақтарға жауап беріп,ойларын ортаға салды.Сынып сағатында олимпиадаларға,әртүрлі байқауларға қатысып,жүлделі орындар иеленген оқушылар марапатталды.
    https://www.facebook.com/share/v/1V9hTRLQHh/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушы Г.Б.Бакбергенова Туманбай Молдағалиевтің 90 жасқа толуына арналған оқушылармен бірге жас ұрпаққа қазақ поэзиясының көрнекті өкілінің шығармашылығын насихаттау мақсатында танымдық әрі тәрбиелік «Жыр тұңғиығы – Тұманбай» атты іс-шара өткізді.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушы Г.Б.Бакбергенова
    Туманбай Молдағалиевтің 90 жасқа толуына арналған оқушылармен бірге жас ұрпаққа қазақ поэзиясының көрнекті өкілінің шығармашылығын насихаттау мақсатында танымдық әрі тәрбиелік «Жыр тұңғиығы – Тұманбай» атты іс-шара өткізді.
    Мақсаты:
    Оқушыларға Т. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру.
    Отансүйгіштікке, адамгершілікке, туған ел мен ана тіліне деген құрметті арттыру.
    Ақын шығармашылығы арқылы эстетикалық тәрбие беру.
    Оқушылар Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаяны, әдебиеттегі орны туралы қысқаша мәлімет айтып берді.
    Білімалушылар ақынның туған жер, ана, махаббат, достық тақырыптарындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Балаларға аманат»атты жергілікті ақының кітабіның өлендер дауыстап оқыды.
    Мұғалім оқушыларға алғыс айтып, ақын мұрасын қастерлеудің маңыздылығын атап өтеді.
    https://www.facebook.com/share/v/1ASTGoVLcf/

    В средней школе имени Аль-Фараби, Шуского района 23.05.25г Чахалова Гульнара Мустафаевна провела классный час : "Знание во благо Родине!"

    В средней школе имени Аль-Фараби, Шуского района 23.05.25г Чахалова Гульнара Мустафаевна провела классный час : "Знание во благо Родине!"
    Цель классного часа: 1.Воспитать чувство казахстанского патриотизма и любви к своей Родине.
    2 . Способствовать осознанию важности получения знании для дальнейшей успешной реализации себя в жизни.
    Учитель провела беседу, рассказала детям , почему же важно учиться на хорошо и отлично.
    Отметила, что полученные знание в школе, помогут вам в будущем выбрать профессию, стать уважаемыми людьми, принести пользу нашей стране.
    Все великие люди получили прекрасное образование в школе, в вузах.
    Учеба помогает вам приобретать знания, узнавать новое, делать выводы и принимать обоснованные решения.
    Дети собирают пословицы и поговорки и тем самым обогащают знания.
    1.Ученье свет, а не учения ...(тьма.)
    2. Учиться всегда .... (пригодится)
    3. Кто знаниями обладает, тот всюду ... (побеждает.) и т.д
    Ребята рассказали стихи про школу,дружбу и про Родину.
    В конце классного часа учитель подводит итоги учебного года.
    Учащиеся участвуют в дискуссии, говорят какие они пришли в первый класс и какие уже более серьезными и целеустремлёнными стали теперь.
    https://www.facebook.com/share/v/1F3Ypa2gw3/

    Әл- Фараби атындағы орта мектебінде 5-6"Ә" сыныптарында “Білімім- Отаныма!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл- Фараби атындағы орта мектебінде 5-6"Ә" сыныптарында
    “Білімім- Отаныма!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
    Мақсаты: отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,білімнің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.
    Сынып сағаты барысында оқушылар отан, туған жер, білім туралы өлеңдер,мақал- мәтелдер оқыды,өз ойларымен бөлісті.
    https://www.facebook.com/share/v/16KtCUVmGr/

    Әл-Фараби атындағы орта мектепте "Біртұтас тәрбие " бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 23-мамыр күні 5 «А»- сыныбында «Білімім- Отаныма!» атты тәрбие сағаты өтті.

    Жамбыл облысы, Шу ауданы, Әл-Фараби атындағы орта мектепте "Біртұтас тәрбие " бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 23-мамыр күні 5 «А»- сыныбында «Білімім- Отаныма!» атты тәрбие сағаты өтті. ”Халық пен халықты , адам мен адамды теңестіретін- білім “ деген. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру мақсатында жас ұрпақтың танымдылық көзқарасын,ой-өрісін,дүние-танымын кеңейту,іскерлік қасиеттерін дамыту. Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету ,туған елін,жерін құрметтейтін саналы ,ізденпаз болуға тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаты өтті.
    https://www.facebook.com/share/p/16kueJi7h6/

    Әл- Фараби атындағы орта мектебінде "Таза Қазақстан " акциясы аясында 5 "Ә" сыныбында “Экология табиғаттың жүрегі” тақырыбында эко- сағат ұйымдастырылды.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл- Фараби атындағы орта мектебінде "Таза Қазақстан " акциясы аясында 5 "Ә" сыныбында “Экология табиғаттың жүрегі” тақырыбында эко- сағат ұйымдастырылды.
    Мақсаты: қоршаған ортаны аялау, табиғатқа қамқорлық көрсету.
    Эко-сағат барысында оқушылар табиғат бұрышымен танысып, аквариум балықтарын өз қолдарымен қоректендіріп , сынып гүлдерін суғарып, қамқорлық танытты.
    Таза болса табиғат - аман болар адамзат!
    https://www.facebook.com/share/p/16iwB7Crqq/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары ата- аналарымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында "Болашаққа ұмтылу: Балаңызға өз әлеуетіне жетуге қалай көмектесуге болады" тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының биылғы оқу жылының соңғы сабағы өткізілді.

    Шу ауданы білім бөлімі. Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары ата- аналарымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында "Болашаққа ұмтылу: Балаңызға өз әлеуетіне жетуге қалай көмектесуге болады" тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының биылғы оқу жылының соңғы сабағы өткізілді.
    Педагогикалық қолдаудың мақсаты балалардың әл-ауқаты мен үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін оң тәрбие мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
    Жиналыс барысында:
    1. Жоғары сынып оқушысын түсіну тәртібі
    2.Бала үшін жаңа мүмкіндіктер – ата-аналар үшін жаңа міндеттер
    3.Кәсіп таңдауға көмек көрсету
    4.Табысты өмір сүру үшін әмбебап дағдыларды дамыту туралы сөз қозғалды.
    Жиналыс соңында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гладченко Г.И ата- аналарға қорытынды емтихан туралы түсінік берді.
    https://www.facebook.com/share/p/16SD2KF11Q/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ақжігітов Береке Сағатұлының ұйымдастыруымен жас сарбаздар бірлестігінің тәрбиеленушілерін Ұлы Жеңіске 80 жылдығы, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 33 жылдығы күніне арналып ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым қылу мақсатында «Белгісіз жауынгер» ескерткішіне, және Даңқ Аллеясынадағы ескерткіш тақтасына гүл шоқтары қойылып,тағзым жасалды.

    Шу ауданы,білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ақжігітов Береке Сағатұлының ұйымдастыруымен жас сарбаздар бірлестігінің тәрбиеленушілерін Ұлы Жеңіске 80 жылдығы, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 33 жылдығы күніне арналып ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым қылу мақсатында «Белгісіз жауынгер» ескерткішіне, және Даңқ Аллеясынадағы ескерткіш тақтасына гүл шоқтары қойылып,тағзым жасалды.Сонымен қатар Шу ауданының орталық кітапханасына Ерлер есімі-ел есінде тақырыбындағы тәрбие сағатына қатысып, батырларды еске алып, өлең шумақтарын арнады.

    2025 жылдың 16 мамыр күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде бракераж комиссиясы мектеп асханасындағы тамақтану сапасын бақылау бойынша кезекті тексеріс жүргізді.

    Мектеп асханасындағы тамақ сапасына кезекті тексеріс жүргізілді
    2025 жылдың 16 мамыр күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде бракераж комиссиясы мектеп асханасындағы тамақтану сапасын бақылау бойынша кезекті тексеріс жүргізді.
    Комиссия төрағасы, мектеп директоры Ж.У. Алиаскаров және комиссия мүшелері асханадағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің тасымалдануынан бастап дайындалуына дейінгі барлық процестерді мұқият қадағалады.
    Тексеру барысында ас блогының және тамақтану залының тазалығы, ыдыс-аяқтың күйі мен жуылуы, азық-түлік өнімдерінің сапасы, сақтау шарттары, дайын тағамның технологиялық картаға сәйкестігі мен порция мөлшері, тәуліктік сынамалардың болуы сияқты мәселелер қамтылды.
    Комиссия қорытындысы бойынша асханада санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған, оқушыларға ұсынылған тағамдар талапқа сай дайындалған.
    https://www.facebook.com/share/p/18tv1z5TfY/

    Жамбыл облысы, Шу ауданы, Әл-Фараби атындағы орта мектепте Біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында 5 «А» сыныбында сынып сағаты өтті. Мақсаты:оқушыларға отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарын кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. Сынып сағатында отбасы сөзіне ассоциация құрылып, отбасы негізі неде, отбасының берекелі болуы кімге байланысты сынды сұрақтарға жауап берілді. Отбасы тақырыбында суреттер салынды.
    Отбасымыз аман, бауырымыз бүтін, болашағымыз жарқын болсын!
    Отбасы күні құтты болсын!
    https://www.facebook.com/share/p/1AfTxsEHuH/

    12 мамыр күні "Аналар күні" мерекесінің аясында "Әке мен ананың отбасындағы рөлі" атты іс -шара ұйымдастырылды.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінде 12 мамыр күні "Аналар күні" мерекесінің аясында "Әке мен ананың отбасындағы рөлі" атты іс -шара ұйымдастырылды.
    Мақсаты: ұлттық тәрбие мен құндылықтарды насихаттау,ата- ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау,отбасылық құндылықтарды ұрпақтан- ұрпаққа жеткізуге ықпал ету.
    Іс-шара барысында қатысушылар халқымыздың салт-дәстүрлері, ата-ана тәрбиесі, адамгершілік қасиеттері туралы терең мағлұмат беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
    Атадан қалған асыл мұра – өсиет сөздердің маңызын түсіндіріп,ана тәрбиесінің рухани құндылықтарын ұғындырды."Өсиет сандығы" бөлімінде мақал- мәтел,нақыл сөздердің жалғасын тауып,өмірлік білімдерін көрсетті."Ананың қасиеті- отбасының киесі" бөлімінде "Менің анамның ерекше қасиеті" атты шағын естеліктер айтып,аналарынан алған ерекше қасиетті жазып,ортақ қасиет ағашына ілді.Әрқайсысы өздеріне берілген баталарды оқып,мағынасын ашты."Сиқырлы жіп" ойыны ойнатылып,ата- ана мен бала арасындағы байланыс пен тәрбиенің маңызы көрсетілді."Ұрпаққа хат" бөлімінде жастарға айтқысы келген ең маңызды тәрбиелік сөзін жүрекшеге жазып,"Ата- ана тілегі" атты қабырғаға ілді.Ата- аналар шеберлік сағатына белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.Қорытынды бөлімде ән шырқалып,ата- аналар алғысын білдірді.
    https://www.facebook.com/share/v/1Kh17V9vM2/

    4"ә" сынып жетекшісі Джобалаева Т.А.халықаралық отбасы күніне орай "Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4"ә" сынып жетекшісі Джобалаева Т.А.халықаралық отбасы күніне орай "Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушыларға отбасының маңыздылығын ұғындыру, ұлттық тәрбиенің негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды насихаттау, оқушылардың бойында сүйіспеншілік, құрмет, мейірімділік сияқты ізгі қасиеттерді қалыптастыру.
    Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасы туралы ой-пікірлерін ортаға салып, өлең, тақпақтар оқыды. Сонымен қатар,мәуелі ағашқа отбасылық құндылықтарды жазып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
    Іс-шараға оқушылар белсене қатысты. Тәрбие сағатының соңында оқушылар отбасы – әр адамның өміріндегі ең басты байлық екендігі жөнінде тұжырым жасады.
    https://www.facebook.com/share/v/1WZXssN2CS/

    11 мамыр – Аналар күні мерексіне орай «Анаға тағзым - анаға құрмет» атты челленджі ұйымдастырылды.

    "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Әл-Фарабми атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 мамыр – Аналар күні мерексіне орай «Анаға тағзым - анаға құрмет» атты челленджі ұйымдастырылды.
    ✨Ана - біздің алғашқы ұстазымыз, жақын досымыз, ақылшымыз, ең жақын адамымыз. Ананы құрметтеу, оған деген шексіз махаббатымыз ешқашан таусылмасын.
    https://www.facebook.com/share/v/16fmj36MUe/

    7 “Ә” сыныбында 15 - мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған "Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімі Әл- Фараби атындағы орта мектебінің 7 “Ә” сыныбында 15 - мамыр Халықаралық отбасы күніне арналған "Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
    Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары туралы дәріптеп, сүйіспеншілікке баулу.
    Тәрбие сағатында оқушылар отбасы туралы мақал- мәтелдерді жатқа айтып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Отбасы сүйіспеншілік пен қамқорлықтың ордасы.
    https://www.facebook.com/share/p/18tzNNb6Kp/

    6"Ә" сыныбында 15-мамыр -Халықаралық отбасы күні қарсаңында "Отбасы—бақыт мекені "тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл- Фараби атындағы орта мектебінде 6"Ә" сыныбында 15-мамыр -Халықаралық отбасы күні қарсаңында "Отбасы—бақыт мекені "тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
    https://www.facebook.com/share/p/19b8PmRbk1/

    7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында мектебіміздің алғашқы әскери дайындық және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Акжігітов Береке Сағатұлы Шу ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды!
    Бұл марапат – ұстазымыздың жас ұрпақты отансүйгіштікке, әскери-патриоттық тәрбиеге баулудағы еңбегінің жоғары бағалануы.
    Береке Сағатұлына мықты денсаулық, шығармашылық табыс және болашақта биік белестер тілейміз!
    https://www.facebook.com/share/p/1Bu8sedXRX/

    9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Шу ауданының тұрғыны, тыл еңбеккері Абдуллаев Ибрагим Алиевичке «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалі салтанатты жағдайда табысталды.

    Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль тыл еңбеккері Ибрагим Абдуллаевқа табысталды
    9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Шу ауданының тұрғыны, тыл еңбеккері Абдуллаев Ибрагим Алиевичке «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалі салтанатты жағдайда табысталды.
    Бұл марапат Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №825 Жарлығына сәйкес берілді. Марапат Ибрагим Алиевичтің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен Отанға сіңірген зор қызметін мойындау ретінде тапсырылды.
    Ибрагим Алиевич – сұрапыл соғыс кезеңінде тылда аянбай еңбек етіп, Жеңіс үшін тынымсыз тер төккен абзал азамат. Оның бейбіт өмірге қосқан үлесі – бүгінгі ұрпақ үшін тағылымды тәрбие мен шынайы құрметтің үлгісі.
    Медальмен қатар арнайы куәлік пен мерекеге орай сый-құрмет те көрсетілді. Кездесу барысында ардагерге жүрекжарды тілектер айтылып, ел үшін еткен еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдірілді.
    Ардагерге зор денсаулық, отбасының амандығы мен бейбіт аспан астында ұзақ ғұмыр тілейміз.
    Сіздердің ерліктеріңіз – ұрпақ жадында, жүректерімізде мәңгі сақталатын асыл мұра.
    https://www.facebook.com/share/p/1C668rJkHJ/

    Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 33 жылдығына арналған аудандық “Сапта жүріп ән айту” байқауы

    ӘЛ-ФАРАБИ ДШБ СТИЛІНДЕ — ЖЕҢІС ПЕН ЖАУЫНГЕРЛІК РУХТЫҢ ҮНІ! 🪂
    Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 33 жылдығына арналған аудандық
    “Сапта жүріп ән айту” байқауында
    Әл-Фараби атындағы орта мектебі
    жас сарбаздай сап түзеп, жүлделі ІІ орынға ие болды!
    Бұл – елдік рухтың, бірлік пен тәртіптің, Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі!
    Болашақтың қорғаны – бүгінгі патриот жастар екенін дәлелдеген оқушыларымызға алғыс білдіреміз!
    Ел намысы – ер намысы!
    Отан – біз үшін қасиетті ұғым!
    Туымыз биікте, рухымыз асқақ болсын!
    https://www.facebook.com/share/p/1LDnpEzReg/

    5 - 6"Ә" сынып оқушыларымен 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай "Ел қауіпсіздігі сенімді қорғауда "

    Шу ауданы білім бөлімі Әл- Фараби атындағы орта мектебінде 5 - 6"Ә" сынып оқушыларымен 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай "Ел қауіпсіздігі сенімді қорғауда " тақырыбында патриоттық сабақ өткізілді.
    Мақсаты: өскелең ұрпаққа адамгершілік - патриоттық , азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу.
    Сабақ барысында 7- мамыр мерекесінің тарихымен таныстырылып, сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өлең оқып, қойылған сұрақтарға ұтымды жауап берді.
    Ұранды ердің-ұрпағы қайсар!
    https://www.facebook.com/share/p/19DNkHopce/

    4 "ә" сынып оқушыларымен 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне арналған "Ер есімі - ел есінде" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4 "ә" сынып оқушыларымен 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне арналған "Ер есімі - ел есінде" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.Мақсаты:
    оқушыларға Отан қорғаушылар күнінің мән-маңызын түсіндіру, әскери қызметкерлерге құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру және отансүйгіштікке баулу.
    Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мұғалім Отан қорғаушылар күні туралы тарихи мағлұмат беріп, бұл мерекенің еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғаушы азаматтарға арналғанын түсіндірді.
    Оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады.
    «Мен Отанымды қорғаймын!» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
    Тәрбие сағатында оқушылар белсенділік танытып, өз елін, жерін қорғауға дайын азамат болуға деген ұмтылыстарын көрсетті. Іс-шара мақсатына жетіп, оқушылардың бойында патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілік арта түсті.
    https://www.facebook.com/share/p/194L7LgRQd/

    "Мен – Қазақстан патриотымын"

    «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 5-6 мамыр күндері Шу ауданы,білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 7-Мамыр Отан Қорғаушылар күніне орай "Мен – Қазақстан патриотымын" атты сурет байқауы өтті.
    Мақсаты:
    оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру;
    бейбітшілік, достық, келісім және патриотизм ұғымдарын сурет арқылы бейнелеуге баулу;
    https://www.facebook.com/share/p/1FfNf1HGX7/

    "Ер есімі - ел есінде"

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4 "ә" сынып оқушыларымен 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне арналған "Ер есімі - ел есінде" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.Мақсаты:
    оқушыларға Отан қорғаушылар күнінің мән-маңызын түсіндіру, әскери қызметкерлерге құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру және отансүйгіштікке баулу.
    Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мұғалім Отан қорғаушылар күні туралы тарихи мағлұмат беріп, бұл мерекенің еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғаушы азаматтарға арналғанын түсіндірді.
    Оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады.
    «Мен Отанымды қорғаймын!» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
    Тәрбие сағатында оқушылар белсенділік танытып, өз елін, жерін қорғауға дайын азамат болуға деген ұмтылыстарын көрсетті. Іс-шара мақсатына жетіп, оқушылардың бойында патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілік арта түсті.

    "1 мая- Дня единства народов" учащиеся 8 "А", "Б" классов сходили в гости к ветерану школы Аскеровой Н.Ф.

    "1 мая- Дня единства народов" учащиеся 8 "А", "Б" классов сходили в гости к ветерану школы Аскеровой Н.Ф. На встрече с учащимися Назли Фазаировна поделилась воспоминаниями о своём жизненном пути. Она рассказала, как с детства в её сердце формировалось чувство Родины — через любовь к родному краю, уважение к старшим и труд. Особое внимание Назли Фазировна уделила школьным годам, которые прошли в дружной, многонациональной среде, где все дети, независимо от национальности, поддерживали друг друга и делились радостью.
    Она вспомнила теплые примеры дружбы между народами — одноклассников и коллег разных национальностей, с которыми связывают годы взаимопомощи и доверия. В трудные времена, будь то послевоенные годы или сложные 90-е, люди сплачивались, проявляли солидарность, помогали друг другу выстоять.
    В завершение встречи Назли Фазаировна обратилась к молодому поколению с искренним призывом: быть добрыми, терпимыми, уважать друг друга независимо от происхождения и всегда стремиться к миру и взаимопониманию.
    https://www.facebook.com/share/v/16Yu4J2MDa/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру