Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «Средняя школа имени Аль-Фараби» Шуского районного отдела образования Жамбылского областного управления образования
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    Әл-Фараби атындағы орта мектебі директорының 2024–2025 оқу жылы бойынша баяндамасы

    2025-05-25

    Әл-Фараби атындағы орта мектебі директорының 2024–2025 оқу жылы бойынша баяндамасы

         2024–2025 оқу жылы Әл-Фараби атындағы орта мектебінің дамуында маңызды кезең болды. Бұл жылы біз білім сапасын арттырумен қатар, оқушылардың психоэмоционалды, рухани-адамгершілік және азаматтық жауапкершілігін дамытуға ерекше назар аудардық. Оқу жылының басынан бастап «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жүйелі түрде жүзеге асырылып, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасалды. Бағдарлама аясында рухани-адамгершілік тәрбие, әлеуметтік, зияткерлік, денсаулық және спорттық бағыттар қамтылды. Аталған бағыттар бойынша түрлі сынып сағаттары, волонтерлік акциялар, экологиялық жобалар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, ата-аналар мен қоғам өкілдерімен бірлесе жұмыстар жүргізілді.  Мектепте 400 оқушы екі ауысымда білім алуда. Барлығы 61 педагог еңбек етті. Оның ішінде 6 зерттеуші, 22 сарапшы, 22 модератор, 6 педагог, 3 санатсыз және 2 тағылымдамашы ұстаз жұмыс істейді. Биыл 12 педагог өз біліктілік санатын жоғарылатуға өтініш берді. Мұғалімдердің кәсіби дамуы үнемі назарда ұсталып, әдістемелік жұмыстар жүйелі жүргізілді.

          Оқу жылы ішінде оқушыларымыз түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Облыстық «Ата жолы – ұлттық тәрбие мен мәдениеттің негізі» эссе байқауында Мұхаметова Айлин ІІІ орынға ие болды. «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысқан Каримова Айша сертификат иегері атанды. Б.Момышұлы оқуларының республикалық кезеңінде Төрехан Айжан мен Каримова Айша – бас жүлде, Шынболат Зере – І орын, Қазакеева Анель, Шора Ақбота, Мелс Томерис – ІІІ орынға ие болды (жетекшісі – Тастанбекова Беккүл).

    11-сынып оқушысы Әнепия Жания «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңінде және ауыл мектептерінің облыстық олимпиадасында жүлдегер атанып, ІІ орын иеленді (жетекшісі – Тұрғымбаева Айгүл). Сонымен қатар, «Алтын түлек» байқауында Әнепия Жания, Махамматова Маляк және Каримов Курбан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшілері – Қашқынбаева Гүлзира, Гладченко Сәуле).

    «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауының аудандық кезеңінде ағылшын тілі бойынша Бадырова Нұрәгіз, математика бойынша Жамбыл Ақнұр, орыс тілі мен әдебиеті бойынша Абдуллаева Жамиля жүлдегер атанды. Музыкалық-шығармашылық байқауда Мелс Томерис ІІІ орын, Нурман Инаят І орын иеленді (жетекшісі – Әлдибекова Сабыркүл) Аудандық Қазақстан тарихы бойынша  байқауда Анапия Айым ІІІ-орын, жетекшісі (Махатова Айгүл). Аудандық пәндік олимпиадаларда да оқушыларымыз математика, химия, тарих, құқық, география пәндері бойынша жүлделі орындар алды.

           Республикалық деңгейде өткен Д.А.Қонаевқа арналған ақындар мүшәйрасында Дәулетәлі Мәрлен ІІІ орын иеленсе, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалық шаққа саяхат» байқауында Қалығұл Інжу, Меліс Аяулым және Боранбай Адиа жүлделі орындарға ие болды.

    Мұғалімдер де өз кәсібилігін көрсетіп, түрлі байқауларда жетістікке жетті. Сағырбаев Қанат пен Қашқынбаева Гүлзира «Математикалық лига» және «Математикалық регата» байқауларында ІІІ орын иеленді. «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауында Махмұтова Айгерім ІІ орынды иеленді. Аудандық мұғалімдер спартакиадасында дойбы жарысы бойынша Рахимбаева Сымбат ІІІ орын, Әбдіжамал Мақпал мен Дүйсебаев Арман ІІ орынға ие болды.

    Оқушыларды жан-жақты дамыту мақсатында мектепте бірнеше үйірмелер мен секциялар белсенді жұмыс атқарды. Атап айтқанда: «Жас флорист», «Ертегілер әлемінде», «Робототехника», «Дебат», «Я и мир» үйірмелері. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үздік оқырмандар марапатталды.

        Психологиялық қолдау шаралары аясында 1, 5 және 10-сыныптарда диагностикалық жұмыстар жүргізіліп, 60 оқушыға жеке кеңес берілді. Қазан айында ата-аналарға арналған «Педагогикалық қолдау» орталығы ашылып, ата-аналармен өзара іс-қимыл арта түсті.

          Мектептегі әлеуметтік қолдау жұмыстары да нәтижелі жүзеге асты. «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдары мен киімдер таратылып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмектері көрсетілді. 168 оқушы күнделікті ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде 42-сі – аз қамтылған отбасы балалары. Желтоқсан айында іске қосылған «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы аясында 28 оқушыға QR-код арқылы көмек көрсетілді.

            Алдағы жоспарларымыз – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оқушылардың психоэмоционалды жағдайына ерекше көңіл бөлу, тәрбие жұмысын жаңа мазмұнда ұйымдастыру, әлеуметтік қолдауды жалғастыру және үйірмелер мен секциялардың аясын кеңейту.

    Барлық атқарылған жұмыстар мектептің дамуына және оқушыларымыздың сапалы білім алуына берік негіз қалады. Алдағы оқу жылында да бұл бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын табады.

    Мектеп директоры

    фото
    Алиаскаров Жанат Узакпаевич

    Туылған жылы, айы, күні: 04.04.1977 ж.

     

    Білімі: жоғары

     

    Бітірген оқу орны: Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

     

    Мамандығы: Денешынықтыру  пәнінің мұғалімі

     

    Еңбек өтілі- 15 жыл

     

    Лауазымы бойынша- 6 ай

     

    Санаты: педагог-сарапшы

     

    Білімін жетілдіру курсы: "Білім берудегі менеджмент:ұжымды басқару"

     

    Мекен жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы,Т.Бокина 6

     

    Байланыс телефоны: 87070063290

     

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру