5 «А» - сынып оқушыларымен «Тәртіп – тәрбиенің бастауы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты – оқушыларға тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, жауапкершілік пен өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту. Сынып сағаты барысында балалар тәртіптің не екенін, оның өмірдегі рөлі мен маңызын талқылады. Түрлі ойындар мен мысалдар арқылы олар өз мінез-құлқын саралап, дұрыс шешім қабылдауды және өз іс-әрекеттерінің салдарын түсінуді үйренді.Сынып сағаты қызықты әрі пайдалы өтті. Оқушылар тәртіптің – жай ғана ережелер жиынтығы емес, табысты, ұйымдасқан және құрметке лайықты тұлға болудың маңызды қадамы екенін түсінді.
https://www.facebook.com/share/v/1C98gWWgyo/